Маусым айының 8 күні Ақкөл Балалар Музыка мектебі 50 жылдық мерей тойын атап өтті.Мерекелік концертте қазақ үлттық оркестр, хор ұжымы ,көптеген аспаптық ансамбльдер,вокалистер, жеке орындаушылар өнер көрсетті.Мектебіміздің түлегі Якушевской Е.В. өзінің жетекшілік еткен ансамбльімен өнер көрсетті.Әр жылдың бітіруші түлектері де өздерінің алғыстарын өлең жолдарымен жеткізді.Мектебіміздің алғашқы түлегі Нугербекова М.Х.өзінің жүрек жарды жылы лебізін мектебімізге деген ыстық ықыласын ,алғысын білдірді. 1974 ж баян сыныбын тәмамдаған , қаншама уақыт өтседе баян аспабында шәкірттер тәрбиелеуде.Ерекше сый құрметке ие болған мектебіміздің алғашқы ұлағатты ұстазы Сабельфельд В.В осы мектепте 40 жыл еңбек етті.Өнер жолында көптеген шәкірттер тәрбиеледі.Кешімізге келген қонақтар, мектеп түлектері ұстаздар қауымына ,мектеп басшылығына шексіз алғыстарын білдірді. Ауданымызда балаларды өнерге жетелейтін мектебіміздің болашағы жарқын болғай, ұстаздар, оқушыларға сәттілік өнердің биігінен көрінсін тек алға!!