Текст
29.10.2026
28 қазан күні Ақкөл балалар музыка мектебінде оқушылар мен педагогтердің қатысуымен ерекше концерт өтті. Кешіміздің қадірлі қонақтары - Ақкөл қаласының зейнеткерлері мен Дамса ауылының қарттар үйінен келген ата-әжелеріміз болды. Әсем ән мен күмбірлеген күй арқылы қонақтарымызға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға тырыстық. Өйткені үлкенге құрмет көрсету -ұрпаққа өнеге, жүрекке ізгілік сыйлайтын асыл қасиет. Қадірлі қонақтарымызға келгендеріңіз үшін алғыс айтамыз! Дендеріңізге саулық, амандық тілейміз!