"Ақмола облысы білім басқармасының Ақколь ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының балалар музыкалық мектебі" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Мектеп қабырғасында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

27.10.2026

Мектеп қабырғасында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті
Ақкөл аудандық балалар музыка мектебінде еліміздің басты ұлттық мерекесі — Республика күніне арналған «Елім менің — Қазақстан!» атты салтанатты концерт өтті.
Шараның шымылдығын Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары ашып, өзінің құттықтау сөзінде бұл мейрамның мемлекетіміз бен халқымыз үшін маңыздылығын атап өтті. Ол жас дарындар мен ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тілеп, ұлттық өнерді дәріптеудегі музыка мектебінің рөліне тоқталды.
Праздниктік бағдарлама өте бай әрі тартымды болды. Сахна төрінде музыка мектебінің оқушылары мен мұғалімдері өз өнерлерін ортаға салды:
• Домбырашылар ансамблі мен жеке орындаушылар күмбірлеген күйлерді төгілтсе, қыл қобыз бен домраның үні көрермендердің жүрегіне жол тартты.
• Фортепиано, баян және синтезатор аспаптарында ойналған классикалық және заманауи туындылар кештің сәнін кіргізді.
• Сазды аспаптардың сүйемелдеуімен шырқалған Отан, туған жер туралы вокалдық нөмірлер көрермендерге ерекше патриоттық рух сыйлады.
Концерт қонақтары өнерпаздардың шеберлігіне тәнті болып, әр шығарманы ыстық ықыласпен, зор қошеметпен қарсы алды. Шара соңында мектеп әкімшілігі қолдау көрсеткен барша қатысушылар мен қонақтарға алғысын білдірді.

Просмотров: 34


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст