"Ақмола облысы білім басқармасының Ақколь ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының балалар музыкалық мектебі" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Ақкөл балалар музыка мектебінің ұстаздар ұжымы кәсіби мереке қарсаңында жоғары мемлекеттік және өңірлік марапаттармен марапатталды.

12.10.2026
Ақкөл балалар музыка мектебінің ұстаздар ұжымы кәсіби мереке қарсаңында жоғары мемлекеттік және өңірлік марапаттармен марапатталды.
Кәсіби жетістіктері және отандық білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін мектебіміздің әріптесі, «Сольфеджио» пәнінің мұғалімі Тілеулина Ғалия Жамалетдиновна Ақордада Мемлекет басшысының қолынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары марапаты — «Шапағат» медалін алды.
Сонымен қатар, Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара аясында мектебіміздің бірқатар педагогтерінің еңбегі еленді:
• Л. Е. Захарченко — Ақмола облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж. Баймақованың атынан Құрмет грамотасымен;
• А. А. Балмұханова — Ақкөл ауданының әкімі Б. Әбдірахмановтың атынан Алғыс хатпен;
• А. А. Гайворонский — көпжылдық адал еңбегі мен шығармашылық салаға қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт және еңбектеріне береке тілейміз!
Просмотров: 16


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст