Текст
Бүгін Ақкөл қаласындағы Балалар музыка мектебінің қабырғасында “Қош келдің, Наурыз!” атты мерекелік концерт жоғары деңгейде аталып өтті. Концерттік бағдарлама “Шашу” дәстүрімен ашылып, ақ жаулы көрермен апаның батасымен басталды. Қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауында Н.Тілендиевтің “Ата толғауы” күйі орындалды. Хор, ансамбльдер, жеке орындаушылардың орындауында ән шырқалып, күй төгілді. Шараға қатысушылардың барлығы арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, көңілді күйде концертті тамашалады.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!