Текст
Ақпанның 25і жұлдызында «Ақкөл балар музыка мектебінде» көркем өнерпаздар байқауы болып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығы бойынша 2019жыл «Жастар жылы» деп белгіленген болатын, біздің де музыка мектебіміз өз үлесін қоса отырып, сонымен қатар мекткптің 50 жылдық мерей тойына осы концертті ұштастырып өткізді. Мұнда жас дарындар өз өнерлерін ортаға салып, орындаушылық шеберліктерін жоғарғы деңгейде көрсете білді.Қатысушылардың барлығы дипломдармен марапатталды. Өнер жолын таңдаған балалар әр қашан биіктерден көріне берсін!