Цой Зента Алексеевна «Ақкөл балалар музыка мектебі»МКҚК-ның жетекші меңгерушісі.Педагогикалық еңбек өтілі 45 жыл.Тәжірибелі,қайсар,жан-жақты,шығармашыл ,балаларды жақсы көретін және олардың психологиясын түсіне алатын ұлағатты ұстаз.Кәсіби жетекшілігі жоғары, өмірге деген көз қарасы әр дайым ашық,айтқан сөзіне ісі сай келетін,еңбекқорлығымен қатар жауапкершілігі мол,шынайы,әрқашан көмек қолын соза білетін жан.Ақмола облысы Қазақстан Ассамблеясының мүшесі,ұлтаралық келісімді насихаттау жөнінде көптеген жұмыстар атқаруда.Шығармашылық жолында Республикалық және Халықаралық жеңістері жетерлік.Оқыту барысында жаңа технологияларды пайдалануы биік шыңдардан көрінуге себеп болуда. Көптеген марапаттарға ие:аудан,облыс және ҚРБілім және Ғылым минстрлігінен алғыс хаттар.Өскелең ұрпақ және оқыту барысында аянбай еңбек еткені үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Галина Дмитриевна Салихова –тәрбие ісі жөніндегі жетекшінің орынбасары.Ақкөл балалар музыка мектебінде фортепионо сыныбында 24 жылдан бері еңбек етіп келеді.Оқытудың басты мақсаты-балалардың музыкалық қабілетін зерделеу , оларды ары қарай жаңғырту , жұмыста жасампаздық,жаңа технологияларды қолдану.Жоғары кәсібилік , педагогикалық өнегелілік , үнемі шығармашылық ізденіс, әдістемелік жаңашылдықпен жұмыс , заманауи кітаптар мен ноталар баспаларын қолдану , ата –аналармен тығыз қарым- қатынаста болу,сыныптан тыс іс-шаралар барысында әр түрлі үлгілерді қолдану,оқушыларды тұлға ретінде ашылуына көмек беру – мұғалімнің әдістемелік қол таңбасы.