Текст
02.10.2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында балалар музыка мектебінде оқушылармен «Концерт залындағы өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбында әңгімелесу жүргізілді. Әңгімелесу барысында келесі ережелер талқыланды: концерт басталмай тұрып ұялы телефондарды өшіру, сахнада нөмірлер орындалып жатқан кезде залға кірмеу және одан шықпау, залда тазалық пен тәртіпті сақтау, бір-біріне мейірімділік танытып, құрметпен қарау, концерт аяқталғанша залдан шықпау. Сондай-ақ оркестр мен хордағы өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелері де талқыланды.