"Ақмола облысы білім басқармасының Ақколь ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының балалар музыкалық мектебі" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«ҰЛЫ ДАЛА ҮНІ» – ДИНА КҮЙЛЕРІ

01.10.2026
«ҰЛЫ ДАЛА ҮНІ» – ДИНА КҮЙЛЕРІ
29 қыркүйек күні Ақкөл қаласының Аудандық мәдениет үйінде қазақтың күй өнерінің көрнекті өкілі, дәулескер күйші, домбырашы әрі композитор Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Ұлы дала үні» күйшілер фестивалі өтті.
Бұл күні Аудандық мәдениет үйінің сахнасы ұлттық өнердің айрықша рухына бөленді.
Домбыраның қоңыр үні әр буын өнерпаздарын бір арнаға тоғыстырып, орындалған әрбір күй халқымыздың бай тарихын, рухани қуатын және ұлттық болмысын айшықтай түсті.
Фестиваль Дина Нұрпейісованың өмір жолы мен шығармашылық мұрасына арналған бейнероликпен басталып, одан әрі күйшінің әйгілі «Тойбастар» күйімен жалғасты. Концерттік бағдарламада Дина Нұрпейісова, Құрманғазы, Дәулеткерей және басқа да күй өнері майталмандарының шығармалары орындалды. Ауданның жеке орындаушылары мен домбырашылар ансамбльдері көрерменге өз өнерлері мен орындаушылық шеберліктерін паш етті.
Фестивальдің басты маңызы – ұлттық музыкалық мұрамызды сақтау және кеңінен насихаттау, дәстүрлі орындаушылық өнерді қолдау, сондай-ақ бабадан қалған баға жетпес күй өнерін жас ұрпаққа аманат ету.
Іс-шара соңында ұлттық өнерді дәріптеуге қосқан үлестері үшін фестиваль қатысушылары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ фестивальді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Ақкөл қаласының Жастар ресурстық орталығына алғыс білдірілді.
Күй – халықтың үні.
Күй – ұлттың жады.
Күй – бабадан қалған аманат.
Домбыраның қоңыр үні ұрпақтарды жалғап, Ұлы даланың төсінде мәңгілік әуелесін! Дина Нұрпейісова мен ұлы күй шеберлерінің мол мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ұлттық рухымыздың асыл қазынасы болып қала берсін!
Күй барда – Ұлы даланың рухы мәңгі жасайды!
Просмотров: 609


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст