Бүгінгі таңдағы коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында, Балалар музыка мектебі 6 сәуірден бастап төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастады. Соған байланысты, музыка мектебінің оқушылары online түрде оқиды, педагогпен байланысқа әр түрлі интернет-платформаларымен шығады.
Әр оқушы өз музыкалық аспабымен айналысады, алдын-ала бекітілген бағдарлама бойынша жұмыс істейді, педагогтан қолда бар қажетті нұсқауларды алады, қателерін түзетеді. Оқытуға үлкен көмек ата-аналар көрсетеді, олар балаларының жұмыс орынын жайластырды, үй тапсырмасын орындауға көмектеседі, тыңдайды, бірге үй жұмысын және үй концерттерін жасайды. Кәсіби және ұйымдасқан түрде барлық топтық сабақтар жүргізіледі: сольфеджио, музыка әдебиеті, хор, оркестр, ансамбльдер. Барлық педагогтар шебер түрде қалыптасқан жағыдайға бейімделді, дайындалып, қажетті біліммен қаруланып, педагогикалық процесін толығымен жүзеге асыруда. Біз жақсы нәтижеге қол жеткізуімізге сенеміз және бұл күрделі оқу жылын сәтті аяқтаймыз.
Барлықтарына денсаулық, жақсылық тілейміз! Музыканы жақсы қөрініз!
Біз біргеміз!