Текст
Желтоқсан айының 29 күні Ақкөл балалар музыка мектебінің оқушылары және ата-аналары Нұр-Сұлтан қаласына жаңа жылдық қойылымдарға барып балалардың көңілдерін көтеріп қайтты.Оқушылар «Пингивин» ойын- сауық орталығында Жаңа жылдық қойылым тамашалап аяз ата,ақша қармен би билеп ән салып және боулинг ойындарын ойнап ,қалалық орталықта сырғанақ, коньки теуіп, кешкілік Астана-опера театрына барып «Щелкунчик» балетін тамашалап қайтты.Оқушылар мен ата-аналарымыз керемет көңіл көтерді.Осындай тамаша мереклік іс-шараны ұйымдастырған мектеп басшылығына және ұстаздар ұжымына алғыс ризашықтарын білдірді.